Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында бойжеткен мен үш жасар сәби қаза тапты

Қысқа сілтеме алу
Соқтығысқан екі көліктің жүргізушілері ауруханада жатыр, жолаушылар оқиға орынында көз жұмды
АЛМАТЫ, 26 наурыз — Sputnik. Алматыда жаңа Саин көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Hyundai Accent Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Индустриялық аймаққа қарай бұрылмақ болады.
©
Sputnik /
Саин көшесінде екі көлік соқтығысты
Дәл сол уақытта осы көше бойымен Toyota Land Cruiser Prado оңтүстік бағытта келе жатады. Жол талғамайтын авто Hyundai көлігіне бір-ақ, қатты соққыдан жеңіл көлік бір шетке ұшып кетіп, арыққа түседі.
Жол апаты салдарынан екі жүргізуші әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
©
Sputnik /
Жол апатынан бойжеткен мен кішкентай бала қаза тапты
Hyundai жолаушылары – бойжеткен мен 2016 жылы туған сәби оқиға орынында жедел жәрдем келгенше қаза тапты.
Жол апаты орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
sputniknews.kz