Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

0
54

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жиырма жастағы жүргізуші есірткі қолданып, көлік тізгініне отырған. Полиция оның алкогольдік ішімдік қолданғанын да анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан — Sputnik. Алматыда екі адамның өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі деген күдікпен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Ол 2 ай қамауда отырады. Полицияның мәліметіне сәйкес, өткен түнде Алматы орталығында жантүршігерлік жол апаты болған. Салдарынан жеті адам зардап шегіп, екі тұрғын қаза болды.

  • Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті

    Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті


    ©
    Sputnik / Стрингер.

  • BMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті

    BMW көлігі жолдың қарама-қарсы жағына шығып кетті


    ©
    Sputnik / Стрингер.

  • Соққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты қиратты

    Соққының қатты болғаны соншалық, Audi көлігі жарнама билборды, жол белгісі мен ағашты қиратты


    ©
    Sputnik / Стрингер.

1 / 3


©
Sputnik / Стрингер.

Құтқарушылар ішіндегі жолаушыларды алып шығып, көмек көрсету үшін BMW көлігін кесті

Тәртіп сақшылары апатқа кінәлі деген күдікпен 20 жастағы жігітті ұстады. Оның есірткі қолданып, көлік тізгініне отырғаны белгілі болды. Оның үстіне алкокольдік ішімдік ішкен.

«Бұл факт ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Көлiкті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі реестрде тіркелді. BMW көлігінің жүргізушісі бірден ұсталды», – делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Жол апаты болашақ ана мен іштегі нәрестесін ажалдан құтқарды

Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық істің материалдары қалалық полиция департаменті тергеу басқармасына берілді. Қылмыстық кодекстің 345-бабына сәйкес, жүргізуші 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



sputniknews.kz