Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты камераға түсті (видео)

0

Алматыда екі көліктің қатты соқтығысуы видеоға түсіп қалды.

Алматы полиция департаменті оқиғаның 28 қыркүйек күні сағат 05.30 шамасында болғанын хабарлады.

Фольксваген Поло көлігінің жүргізушісі Мұқанова көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, сол жерде Төле Би даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Hyundai Sonata көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің жолаушылары мен Volkswagen жүргізушісі жарақат алғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері тиісті сараптамалар тағайындады.