Алматыдағы жаңбырдың салдары: ағаштар құлап, көшелерді су басты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы жаңбырдың астында қалды: түн ішінде қалада ай сайынғы жауын-шашынның төрттен бірі жауды. 14-15 мамырға қараған түні жаңбырдың кесірінен 19 ағаш құлады. Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті су тасқынының 21 оқиғасын тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тасқынның фотосуреттері мен видеоларын әлеуметтік желінің қолданушылары бөлісуде.

Инстаграмдағы @kris_p_almaty-дағы видеолардың бірінде Әл Фараби мен Сейфуллин даңғылдарының аумағындағы су ағындары көрсетіледі. 

Автор видеоның астына «Екінші Венеция» деп жазды.

 

  Пайдаланушылар бір-бірін сақ болуды сұрайды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті 14 мамырда түстен кейін дауылды ескерту алғаннан кейін, қаланың барлық авариялық-құтқару қызметтері үлкен дайындыққа түскенін хабарлады.

Мамандар мен жабдықтар жиі су басатын аудандардағы жағдайды алдын-алу үшін жіберілді.

«Учаскелердің үшеуінде алдын-алу іс-шаралары ақталды, қалған өтініштер жедел қабылданып, аулаларына су кіріп кеткен 15 жеке тұрғын үйлердің су басуының алдын алды. Төрт жағдайда су жолдарға шығып, екі жағдайда көп қабатты үйлердің жертөлелеріне кіріп кетті», — деп түсіндірді департамент.

Сондай-ақ, Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесі, 89-да, арық жүйесін су басу салдарынан жеке тұрғын үйдің аумағына су кіріп кеткен.

«Сағат 12:00-де 30 дана құм толы қаптар салынып, су тасқыны жойылды, ондағы жұмыстар үшін 5 техника мен 15 адам жұмылдырылды», — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Көп жағдайда су басудың себебі каналдың өткізгіштік қабілетінің төмендігі болды, қалғандары — суару каналдарының қоқыстармен бітелуі салдарынан болды.

Сондай-ақ, 19 ағаш құлап, оның 8-і тұраққа қойылған көліктерге, 11-і жол бойына құлады.

Тасқын судың салдарын жоюға өзара әрекеттесу қызметінің 131 қызметкері, 39 техника, 9 мотор сорғы тартылды. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ.

Барлығы 840 текше метр су тартылды, 260 қап құм төселді. Жұмыс жалғасуда.

 

 



stan.kz