Алматыдағы тұрғын үй кешенінде 20 мыңнан астам адам карантинге жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

«Асыл Арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Асыл Арман

Жергілікті тұрғындардың мәлімдеуінше, карантин аумағында 20 мыңнан астам адам бар.

Басқарушы компания WhatsApp-та «Асыл Арман» автокөліктер мен жаяу жүргіншілер үшін толығымен жабылады деген ескерту ақпаратын таратқан.

«Құрметті қала тұрғындары! Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және қауіпсіздігі мақсатында уәкілетті органдар «Асыл Арманды» карантинге жабу туралы шешім қабылдады. Халықты азық-түлікпен, бірінші кезекте қажетті тауарлармен және медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленіп жатыр», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жалпы қолданылатын аумақтардың профилактикасы мен дезинфекциясы күшейтіледі. «Асыл арман» тіршілікті қамтамасыз ету нысандары» үздіксіз жұмыс істейді. 

«Бәрінен сабырлы болуды сұраймын — мұның бәрі жақсылық үшін жасалды. Жұмыс берушілерге өзіңіздің карантинде екеніңізді ескертіңіз. Негізгі шаралар туралы толығырақ ертең хабарланады. Өзіңізді қорғаңыз, пәтеріңізде қалыңыз», — делінген хабарламада.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінде тұрғын үй кешенін карантинге жабу туралы ақпаратты растады.

«Мұнда дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылады. Азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сату ұйымдастырылады. Сондай-ақ, үнемі санитарлық өңдеу жүргізіледі. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Полицейлер аумақты қоршап алды, сондай — ақ СК периметрі бойынша кезекшілікке әскери қызметкерлер тартылды», — деп хабарлады әкімдіктен.

Аталған тұрғын үй кешенінде коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы осында тұратын 1995 жылы туған әйелден табылды. Жүкті әйел Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Ол өзінің тек иммунитетті көтеретін дәрілер қабылдап жатқанын айтты.

Сондай-ақ, «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың екінші фактісі тіркелді. Бұл жолы COVID-19 61 жастағы тұрғынынан расталды. Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары мен аймақтың бас санитарлық дәрігері бар.

Айта кетейік, «Асыл Арманда» 21 үй — 72 подъезд, 5 мыңнан астам пәтер бар. Тұрғындардың айтуынша, халықтың 95 пайызы Алматыда жұмыс істейді.

Бұған дейін полицейлер «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын шығаруды тоқтатты. Полиция автокөліктері тұрғын үй кешенінен шығатын жолды жауып тастады.

 

stan.kz