Алматыдағы тергеу изоляторында не болып жатыр: Министр айтып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қамауға алынғандардың ішінде коронавирус белгілері барлардың тест нәтижелері әлі шықпағаны туралы Ерлан Тұрғымбаев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу изоляторында коронавирусқа тексеріліп жатқан 7 адамның қазіргі жағдайы туралы министрлік анықтама берді. Тұрғымбаевтың сөзінше олардың жағдайы тест нәтижелері шыққанда белгілі болады.

«Алматы қаласының тергеу изоляторында ыстығы көтерілгендер болды. Олардың барлығы ПТР тексерулерінен өтті, әзірге нәтиже жоқ. Бүгінде арнайы амбулаториялар құрылды, оларды басқа ұсталғандардан оқшауладық. ПТР тексерулерінің нәтижелері бойынша шешім қабылдаймыз», — деді Тұрғымбаев баспасөз конференциясында.

Тұтқындағылар коронавирус ауруына шалдықса, Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе жүргізілетін емдеу жұмыстарының бөлек алгоритмі бар, деп қосты ол.

Осыған дейін ішкі істер министрлігінің 600-ге жуық қызметкері коронавирус індетін жұқтырғаны туралы айтқан болатынбыз.

stan.kz