Алматыдағы саябақта азаматша айналмалы құрылғыдан құлап, қайтыс болды

Әлеуметтік желіде Горький саябағында айналмалы құрылғылар астында жатқан әйелдің бейнежазбасы тарады.
Сол жерде болған азаматтардың айтуынша оқиға 16:00 шамасында болған. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, әйел қайтыс болған.
Өлімнің нақты себебі белгісіз. Алматы қаласының полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
фото: stan.kz