Алматыдағы ҚазҰУ-да өткен Наурыз тойына мұғалімдер ақын-жазушылар кейпінде келді — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз тойы ерекше аталып өтті, деп хабарлайды Stan.kz.
Суреттер facebook желісінен алынды
Оқу ордасының 85 жылдығына орай өткен Ұлыстың ұлы күні журналистика факультеті үшін есте қаларлықтай болды.
Факультет оқытушылары Наурызға Абай, Ыбырай Алтынсарин, Мұстафа Шоқай, Шоқан Уәлиханова, Әлихан Бөкейханов т.б ақын-жазушылардың кейпінде келді.
Думанға жиналған қонақтар «ақын-жазушылармен» дастархандас болды.
Наурыз думанда ән шырқалып, би биледі. Дастархан тіл үйірер қазақтың ұлттық тағамдарымен толықты. Алаңда қазақ үй тігіліп, тойдың сәнін келтірді.
stan.kz