Алматыдағы Нұр-Мүбәрак мешітінде бозбаланы зорлаған – заңгер

0

Танымал заңгер Айман Омарованың айтуынша, Алматыдағы Нұр-Мүбәрак мешітінде 18 жастағы бозбаланы күзетші зорлаған. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Оның сөзінше, зәбір көрген баланың тілінде мүкістігі, дамуында аз ғана тежеу бар. Бірақ, өзіне зорлық көрсеткен адамды ол дереу таныған. Заңгер енді күдікті бостандыққа шығып кете ме деп қорқады.

«Күдікті баланы мешіттегі өз бөлмесіне алып кірген де, аяқ-қолын байлап отырғызып қойған. Осындай жағдайда оны ұзақ ұстаған. Азғындық көрсеткен, зорлаған, ұзақ уақыт қорлаған. Міне, енді осындай адамды Бостандық аудандық полиция басқармасы босатып жібермекші. Дәлел жинау үшін уақыт керек дейді. Бірақ, жәбірленуші оны бірден таныды, одан артық не дәлел керек екенін түсінбеймін», — деді Айман Омарова.

Заңгер басқа емес, дәл мешітте осындай зорлықтың болғанын естігенде шошынғанын айтып отыр. Айтуынша, күдікті баланың дамуында тежеу бар екенін біліп, сол жағдайды пайдаланған екен.