Алматыдағы Назарбаев даңғылы бір жылда қалай өзгерді — Ел жаңалықтары

0

2017 жылы қарашада Алматыдағы Фурманов көшесі Назарбаев даңғылы болып өзгертілді. Бір жыл ішінде бұл даңғыл айтарлықтай өзгеріп, тартымды бола түсті, сонымен қатар, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін де ыңғайлы. Бір жыл ішінде қандай өзгерістердің болғанын Tengrinews.kz тілшісі білді.

Жаяужолдар жаңарды

Назарбаев даңғылындағы ең көлемді өзгерістер жаяу жүргіншілер жолына енгізілді.

Фонтандар мен арықтар қалпына келтірілді

Назарбаев даңғылында фонтандар пайда болып, арықтар жөнделді. Олардың кейбірі ашық болатын, қазір бетіне тор қойылған.

Көшені жарықтандыру

Абай мен Райымбек батыр көшелерінің аралығы жарықтандырылды.


© Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы

Арт-нысандар пайда болды

Назарбаев даңғылында арт-нысандар пайда болды.

Ғимараттардың қасбеті түрленді

Даңғыл бойындағы ғимараттардың қасбеті түрленді.

Жолдағы қозғалыс жеңілдетілді

Алматыда теміржол бойымен эстакада арқылы Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін үңгілеу жұмыстары аяқталды. Сөйтіп, Алматының «солтүстігі мен оңтүстігі» жаңа эстакада арқылы жалғанды.

Техникалық жағынан күрделі жобаның жалпы құны — 7,4 миллиард теңге, ол екі жыл бойына салынды, құрылыс кезінде 500-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды. Үңгілеудің өткізу қабілеті тәулігіне — 48 мың көлік.

Ұзындығы 800 метр болатын эстакадамен көлік қозғалысы кеше басталды. Қозғалыс бөлігінің екі жағында тротуарлар бар, энергия жинақтаушы шамдары бар жарық бағаналары орнатылған. Шығу сатыларын және айналаны абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Суреттер © Леонид Рассказов