Алматыдағы модульді ауруханаға бөлінген қаржының 4 миллиардқа жуығы жымқырылған

0
318

Алматыда модульдік аурухананы салу кезіндегі қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша департаменті растады.

Тергеу мүдделеріне қатысты істің мән-жайы ашылып айтылмайды.

Ақша ұрлау фактісі туралы ақпарат желіде пайда болды. Онда Алматыда ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелгені туралы айтылады. 2020 жылы сәуірде 280 төсектік модульді инфекциялық аурухананың құрылысына бюджет қаражатынан бөлінген 5,5 миллиард теңгенің 3,9 миллиард теңгесі ұрланған деп болжанады. Келтірілген залал аудит барысында расталды.

Пандемия басталғаннан бері Алматыда коронавирусты науқастарға арналған алғашқы 280 төсектік модульдік клиника ашылды. Аурухананың жалпы ауданы – 5 850 шаршы метр. Медициналық мекеменің құрылысында барлығы 1300 адам үш ауысымда, тәулік бойы жұмыс істеді. 88 техника тартылды. Оның құны 5 миллиард теңгеге бағаланды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету