Алматыдағы коронавирус жағдайы: Тағы 6 адам індеттен емделіп шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда 4 сәуір күні таңертеңгі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 109-ға жетіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған 93 жағдайдан кейін тағы 16 жаңа оқиға қосылды, олардың барлығы науқастармен байланыста болғандар.

16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр. Басқаларынікі қанағаттанарлық. Олардың барлығы вирус анықталған сәтте оқшауланған стационарда болды.

Төрт адам — Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген науқаспен байланыста болған. Олар — науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы мен байланыста болған тағы бір әйел.

Бүгін алты науқас Covid-19-дан емделіп, ауруханадан шығарылды, олардың 5-еуі әйел, біреуі ер азамат.

Екеуі – 16 наурыз күні Ыстанбұлдан ұшып келген, тағы екеуі 10 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен елге келді, біреуі 13 наурызда Берлиннен келсе, тағы бірі науқаспен байланыста болған.

Жалпы емделіп ауруханадан шығарылғандар саны 19 адамға жетті. Олардың барлығы 14 күндік карантинде.

Қазіргі уақытта қалалық инфекциялық стационарда коронавирус инфекциясы диагнозымен 91 науқас жатыр. Олардың біреуі — Алматы облысының тұрғыны.

77 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адам өте ауыр халде, 1-еуі ауыр халде, 11 ересек адамның жағдайы орташа (оның ішінде облыстағы әйел де бар).

Провизорлық орталықтарда 655 адам бар, олардың 83-і бала. Карантинге 523 азамат орналастырылса, 4411 адам үй бақылауында.

stan.kz