Алматыдағы ірі сауда үйінен адамдар шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілуде

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қаладағы ірі сауда үйінің бірі қоршауға алынды. Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. Алматыдағы Esentai Mall сауда және ойын-сауық орталығындағы адамдар шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Полицияға сауда орталығындағы пиццерияға бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен.

«Бомба қойылғаны» туралы ақпаратты және оқиға орнындағы видеоны желі қолданушылары әлеуметтік желіге жариялап жіберді.

«15 минуттан соң жарылады»: қарағандылық дәмханаға бомбамен келгенін айтты

Алматы қаласы полиция департаменті бұл ақпаратты тексеріп жатқанын атап өтті.

«Құқық қорғау органдарына Алматыдағы мейрамханалардың біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті. Мәліметті тексеру үшін тиісті шараның барлығын жасап жатырмыз», — деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сауда үйіндегі барлық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Esentai Mall аумағы қоршауға алынды.

Полиция оқиға орнына барлық шұғыл әрекет ету топтары жұмылдырылғанын жеткізді.

«Тексеріс барысында жарылғыш зат табылған жоқ», — деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



sputniknews.kz