Алматыдағы дүкен иелері ТЖ аяқталғаннан кейін бірден азық-түлік бағасын көтеріп жіберді – Қазақстан жаңалықтары

0
50

Алматыда дүкендердің және қызмет көрсету саласының нысандарының иелері ТЖ режимі аяқталғаннан кейін бірден бағаны көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап.

11 мамырдан бастап қала тұрғындары тауарлар бағасының өскенін байқаған.

Сонымен қатар, кейбір азық-түлік емес шағын маркеттер мен сұлулық салондары бағасын 10-20 пайызға көтерген.

Шаруашылық тауарлар дүкенінің әкімшісі Наталья Кирилованың айтуынша, бұл – амалсыз шара.

«Жеткізушілер бізге тауарларды 15 пайызға, ал біреулері 20 пайызға көтеріп жеткізуіне байланысты. Ал біз бағаны аздап қана көтердік. Не үшін? Мұны жеткізушілерден сұрау керек, шамасы, доллар курсымен, бұл менің ойым, өйткені келесі сатып алуды олар жаңа бағамен жасайтын болады, минусқа түскісі келмейді»,- дейді дүкен меңгерушісі.

Карантиннің салдары шаштараздарға да әсер етті. Олардың қызметінің де бағасы өсті.  Қарапайым шаш қиюдың бағасы қазірдің өзінде үш мың теңгеге жетті, бірақ бұл шыңы емес, дейді шаштараз қызметкерлері.

Үкімет нарықтағы бағаны тек әлеуметтік маңызы бар тауарларға ғана реттей алады. Қалған жағдайларда билік кәсіпкерлерге олар ұсынатын қызметтердің немесе тауарлардың орташа құнын ұсына алады.

«Кәсіпкерлер екі айдан бері жұмыс істемеді, сондықтан олар бүгін жоғалған кірістердің орнын толтыруға тырысуда», – деді «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің президенті Артық Сейітқалиева.

Бірінші кезекте кәсіпкерлер шығындарын тұтынушылар есебінен өтейтін болады.

Сонымен қатар, кейбір азық-түлік бағасы да өсті. 2020 жылдың сәуірінде жемістер мен көкөністер – 5,6 пайызға, қант – 6,2 пайызға, жарма – 3,4 пайызға қымбаттады.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы да азық-түлік бағасының көтерілгенін хабарлаған болатын.

stan.kz