Алматыдағы балабақшадан бала ұрламақшы болған әйел ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Бүлдіршінді балабақша тәрбиешісі ұрлап кетпекші болғаны анықталды

АЛМАТЫ, 25 шілде — Sputnik. Полицейлер Алматының Медеу ауданында балабақшадан 5 жасар бала ұрлап алыт кетпек болған әйелді ұстады. Ол қаладан 100 шақырым жердегі елді мекенде ата-анасының үйінде жасырынған.


©
Photo : Пресс-службы Алматы департамента полиции

Бала ұрлаған күдікті

Баланы ұрлауға әрекет жасалған соң алматылық полицейлер жедел-тергеу тобын құрды.

«Күдіктінің кім екенін біз бірден анықтадық. Іздеу шаралары ұйымдастырылды. Әйел Алматы облысындағы Кеген ауылындағы ата-анасының үйінен табылды», — деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласына жеткізілген. ҚР қылмыстық кодексінің 125-бабы (адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған әйелдің осы балабақшада жұмыс істейтіні анықталды, күдікті 30 жаста. Еске сала кетсек, баланы ұрлау сәті видеоға түсіп қалған болатын.



sputniknews.kz