Алматыдағы атысқа байланысты жаңа деректер шықты

0

Ratel.kz сайтының хабарлауынша құзырлы органдар Игорь Дужновты 2014 жылдың шілдесінде із-түссіз жоғалды деп таныған. Қолына 62 калибрлі «Вепрь» карабинін үйінен алып шығып кеткен ол сол күйі оралмаған.

Банктің несиені өндіріп алу туралы қаулысы да 2014 жылы күшіне енген.

Дужновтың жоғалуы туралы іс 2014 жылдың желтоқсанында Игорь үйіне қайта оралған соң жабылған. Сол жолы Дужнов «Вепрь» карабинін жоғалтып алғанын мәлімдеген. Бірақ кешегі қанды оқиғаның басты қаруы ретінде жоғалды деп танылған дәл осы маркалы қару қолданылғаны белгілі болды.

Күні кеше Алматы қаласындағы «Алатау» ауданында болған оқиға жұрт назарында. Үйінен күштеп шығаруға қарсы болған Игорь Дужнов  мылтықпен 5 адамды атып мерт қылған еді. Ал бүгін бұл оқиғаның жаңа қыры ашылып жатыр .