Алматыдағы Әскери институттан сержанттың өлі денесі табылды

Сержанттың өлі денесі Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан табылды, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады»,-деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін ztb хабарлағандай, 44 жастағы сержанттың денесі Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан табылған.