Алматыдағы Ақсай өзенінің көпірі пайдалануға берілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Жандосов көшесі бойындағы Ақсай өзені арқылы өтетін көпірді рекнострукциялау аяқталды.
Сонау 1963 жылы салынған көпірдің үстімен Наурызбай және Қарасай аудандарының автокөліктері жүреді. Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша көпір 2015 жылы апатты деп танылған еді.
«Бұрынғы ескі көпір түгел алынып тасталды, мықты тіректері мен қабырғалары бар әрі гидроизоляцияланған, өтпелі плиталар жасалып, қоршаулар қойылған, екі қабатты асфальт төселген жаңа көпір пайда болды. Реконструкция кезінде төрт жолақты көлік қозғалысы және олардың екі жағына екі тротуарлар жасалды. Жүзеге асқан нақтылы шаралардың барлығы көпірдің үстімен жүретін барлық көліктің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар.
Еске салсақ, өткен аптада реконструкциядан соң «Медеу» — «Шымбұлақ» көпірі ашылған болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ