Алматыдағы актрисаның өлімі:Жүргізушінің кінәсі дәлелденіп, іс сотқа жіберілді

0

Алматы қаласының полиция департаменті үш адамның өліміне алып келген Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алған жантүршіктірер жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж:NUR.KZ

Коллаж:NUR.KZ

Қала прокуратурасы істі зерттеп, оны сотқа жөнелтті

Тергеу барысында Mercedes Benz G-55 көлігін тізгіндеген 1985 жылғы И. Кардың кінәсі толығымен дәлелденді.

Тергеу жолымен автокөлікті мас күйінде жүргізгені анықталды.

Жол апаты алдында И.Кар Жандосов көшесіндегі кафелердің бірінде көңіл көтеріп, сосын караоке барда ішімдік ішкен.

Қылмыстық істі тергеу кезінде ойын-сауық мекемелерінің қызметкерлері мен куәгерлердің түсініктемелері алынған.Олар И. Кардың ішімдік ішкенін растады.

Азамат оқиға орнынан жауы қашып кеткен болатын. Оны тек бір жарым тәуліктен кейін құрықтау мүмкін болды. Сот сараптама институтының талдауы қан құрамынан алкоголь анықтамаған.

Дегенмен Алматы қалалық полициясы толтырған айыптау актісінде ішімдік ішу фактісі жазылған. Себебі бұл тергеу барасында дәлелденді.

Тұтқындала салысымен ер адам қамауға алынды. Оған қылмыстық кодекстің 345 бабы төртінші тармағы және 347 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орын алды. Отандық актриса Шолпан Елгезек қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы жалпы үш адамның өмірін жалмады. Оған қоса, көлікте болған тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөлімінде жатқызылды.

Дереккөз: kaz.nur.kz