Алматыда зорлық-зомбылық көрген адамдар үшін фронт-офистер ашылды

0
78

Азаматтың заңды қызығушылықтары мен еркіндігін, конституциялық құқығын қорғау мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдар үшін фронт-офистер ашылды.

«Әйелдер отбасында физикалық, психологиялық, сексуалдық және экономикалық тұрғыда зорлық-зомбылыққа ұшырайтын жағдай жиі кездеседі. Соған байланысты, полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асырып, отбасындағы зорлық туралы немесе оның болатыны жайында бопсалауға қатысты хабарлама мен арыздарды қарайды. Азаматтың құқығы тапталған оқиға орнына барып, кінәліні әкімшілік қамауға алып жатыр», – деді полиция майоры Ақбота Әбілқасымова.

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық шаралар ұйымдастырды. Профиль инспекторлары фронт-офистарда таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін кезекшілік етеді. Полиция зорлық-зомбылықтың куәсі болған немесе өзі сол жағдайға түскен азаматтардың жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуын сұрайды.

«Қамшы» сілтейді