Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Қажымұқан көшесінің бойында болған. Оқыс оқиғадан жүк көлігінің жүргізуші жарақат алған.
Қалалық жедел жәрдем қызметінен хабарланғандай, бас сүйек-ми жарақатын алған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.
«Науқастың жағдайы — орташа ауыр. Ол №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жүк көлігінің жартысына жуық бөлігінің жер астына түсіп кеткенін байқауға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram