Алматыда жүк көлігі әжейді қағып, сүйреп әкетті
Жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қаққанын көрмеген
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан — Sputnik. Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан әйел адамды көрмей қағып өлтіріп, артынша бірнеше жүз метрге сүйреп әкеткен.
Қайғылы оқиға Алматы қаласы Түрксіб ауданы Бекмаханов көшесінде болды. Оқиға орнына жеткен полицейлер 73 жастағы әжейді нақты қай жерде қағып кеткенін әлі анықтап жатыр.
©
Sputnik . Стрингер
Жүк көлігі әйелді қағып, бірнеше метрге сүйреп әкетті
Жүргізушінің сөзіне сүйенсек, ол Бекмаханов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан, кісі қағып кеткенін байқамапты. Оған бұл жайында басқа көлік жүргізушілері белгі береді, жүк көлігінің астына қысылып қалған әжейдің денесі біраз жүрген соң жол ортасында қалған екен. Бастапқы деректер бойынша, әйел адам Бекмаханов көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінде көлік астына түскен болуы мүмкін.
Қазір полицейлер оқиға куәгерлерін іздеп жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеткен.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/