Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған жүргіншіні көлік қағып өлтірді

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

24 0 0

Ер адам көктайғақта рұқсат етілмеген жерден қайтадан жүгіріп өтпегенде тірі қалуы мүмкін еді

АЛМАТЫ, 17 қараша — Sputnik. Бүгін түнде Құлжа трактісінің бойында Гүлдала ауылының маңында (бұрынғы Қызыл алаң) көлік ер адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Ер адам «Рахым» мейрамханасынан шығып жолдан өтеді. Кейін бір затын ұмытып кетсе керек, мейрамханаға қайта оралады. Ол екінші рет жолдан өтіп жатқан кезде KIA Rio көлігі солтүстікке қарай жүріп келе жатқан.

Марқұм рұқсат берілмеген жерден өткендіктен, жүргізуші дер кезінде тоқтап үлгермеген. Жол қатты тайғақ болғандықтан, ер адам 50-60 метр жүріп барып бір-ақ тоқтайды.

1969 жылы туған жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

  • Алматыда адамды қағып кеткен көлік

    Алматыда адамды қағып кеткен көлік


    ©
    Sputnik / Sputnik

  • Алматыда болған жол-көлік оқиғасы

    Алматыда болған жол-көлік оқиғасы


    ©
    Sputnik / Sputnik

  • Жүргіншіні қаққақ киа көлігі

    Жүргіншіні қаққақ киа көлігі


    ©
    Sputnik / Sputnik

1 / 3


©
Sputnik / Sputnik

Алматыда адамды қағып кеткен көлік