Алматыда жол апатынан жолаушы мен 9 айлық сәби мерт болды

0
1142

Алматыда жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігімен  Алматы қаласынан жолсеріктерді алып, Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 километрде Алматы-Бішкек автожолымен жүріп келе жатқан 59 жастағы Сарыбастау тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.

Баланы аурухана жеткізгенімен, алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды.

ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.