Алматыда жоғалып кеткен жас жігіт табылды
Әйбек Қаниев дін аман.
Түнгі клубқа кетіп, артынша іс-түссіз жоғалып кеткен жас жігіт табылды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Әйбек Қаниев дін аман. Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырған.
Бұған дейін жас жігіттің әкесі Facebook-те ұлының жоғалып кеткені туралы ақпарат жариялаған болатын. Оны ең соңғы рет 24-ақпан күні түнгі клубтың маңынан көрген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz