Алматыда жоғалып кеткен қыз бен жігіт жарты жылдан кейін табылды

0

Былтыр күзде Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен жігіт пен қыз тірі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024 жылы 24 қыркүйекте 17 жастағы Лағыл  Бұланбаева мен 22 жастағы Айбек Базарбаев із-түссіз жоғалып кеткен. Таңғы сағат 6-да Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец СО, 14-линия көшесі, 1-ғимарат мекенжайынан жігіт пен қыз бірге шығып кеткен. Сол кеткеннен қайтпады.

Еріктілердің айтуынша, жоғалғандар 21 ақпанда табылған. Жастардың осынша уақыт қайда болғаны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Павлодарда із-түссіз жоғалып кеткен кәсіпкердің денесі табылған еді.