Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды

Алматыда қаңтар айында жоғалып кеткен 18 жастағы ару өлі күйінде табылды. Бұл қайғылы хабарды іздеу жұмысына белсене араласқан LIDER отрядының еріктілері жеткізді.
2005 жылғы бойжеткен үйінен шығып кеткен соң, із-түссіз жоғалған. Еріктілерге хабарлама 12 ақпанда ғана келіп түскен.
Өлім себептері туралы ақпарат жоқ.