Алматыда жоғалған жасөспірім аман-есен табылды

0
Алматыда жоғалған жасөспірім аман-есен табылды


Жасөспірім 29 қараша күні жоғалып кеткен болатын.

Қараша айының соңында жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірім аман-есен табылды. Жасөспірімнің ата-анасы 29 қараша күні полицейлерге баланың жоғалғаны жайлы хабарлаған. Алғашқы тергеу жұмысы қажетті нәтиже бермеді. Бірақ көп ұзамай полиция жасөспірім ата-анасымен келіспеушілігінен үйден қашып кеткені туралы анықтады.

Іле аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері іздеу барысында баланы сауда орталықтарының біріндегі компьютер клубтан тауып алған. Енді сауда орталығының басшылығын әкімшілік жаза күтіп тұр. 

Полицияның айтуынша, жасөспірім полиция тіркеуіне алынған. Сонымен қатар, ата-анасы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабына сәйкес «Ата-аналардың немесе басқа заңды тұлғалардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны» бойынша жауапқа тартылады.