Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда карантин енгізілгеніне қарамастан жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталыды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жезөкше

“Саунаға қызметкерлеріміз кіріп барғанда ине шаншар орын болмаған, адам лық толы. Монша жұмысшылары – әкімші, қызмет көрсету қызметкерлері, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар да жұмысын тоқтатпаған. Екі жүргізуші жалданып жұмыс істеген, міндеті — жезөкшелерді тасу болыпты. Күніне олар 10 мың теңгеден алып отырған. Моншаға жасалған рейд үстінде клиенттер үшін жеңіл жүрісті 5 ару жеткізілді. Барлығы санитарлық нормалардың ережесін сақтамай, кабинкаларда уақыт өткізді. Сол жерде болғандардың ешқайсысы қалада карантин болып жатқаны туралы естімегендей сыңай танытты”, – дейді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков. 

1990 жылы туған А. есімді мекеме әкімшісі әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды – ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру» және «төтенше жағдай ережелерін бұзу».

“Монша ішінен шыққан басқа адамдарға төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін айып тағылды. Олардың ішінде жеңіл жүрісті 5 әйел, екі көлік жүргізуші және үш клиент бар. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Біз қолға түскен ақпараттың әрқайсысын ұдайы тексеріп отырамыз”, – дейді Б.Әбілбеков.

stan.kz