Алматыда жеті бала жол апатына ұшырады: Дәрігерлер олардың жағдайын айтты — Тосын жай

0

Алматыда жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айты берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы Солтүстік айналма жолда болды. Кейбір мәлімет бойынша, жеті баланы Медеуге туған күн тойлауға алып бара жатқан. 

«2019 жылы 4 ақпанда 12:48-де Жедел жәрдем қызметіне Солтүстік айналма жол — ХҚКО мекен-жайы бойынша жол апаты болғаны туралы хабар жетті. Оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Сегіз адам медициналық көмекке жүгінді, оның жетеуі бала және біреуі ересек адам. Балалар әр түрлі дене жарақатымен балаларға медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді», — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.  

Орталықта науқастарды мамандар қарап шыққан. Одан кейін олар тұрғылықты мекен-жайы бойынша амбулаториялық ем қабылдаууға жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандар жоқ. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz