Алматыда жер сілкінісі болды

Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан бес шақырым жерде орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Алматыда қуаты 2-3 балл жер сілкінісі тіркелді, бұл туралы Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедицияның сайтында.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстікке қарай бес шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық классы 8.5. Тереңдігі 15 км», — делінген хабарламада.
Сейсмологтардың мәліметінше, алматылықтар қуаты 2-3 балл жерасты дүмпулерін сезініпті.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 15:06-да болды.
sputniknews.kz