Алматыда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен ірі жол апаты болды (фото) — новости Казахстана

0

Алматыда ауа райының қолайсыздығы салдарынан жедел жәрдем көлігі қатысуымен ірі жол апаты болды деп хабарлайды Sputnik Kazakstan сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Kazakhstan

Фото: Sputnik Kazakhstan

Оқиға Розыбакиев көшесінің бойында болған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі артқа айналу үшін ортадағы жолаққа тоқтаған Audi жеңіл машинасын көрмей қалған. Соққыдан Audi жолдың қарсы бетіне шығып қалыпты.

Фото: Sputnik Kazakhstan

Фото: Sputnik Kazakhstan

Жүргізушілер жол сақшыларын тосып тұрғанда, жедел жәрдем транспортына Scang Yong соқтығысқан. Көлік бір жаққа ығысқанда, өз жолымен кетіп бара жатқан Lada көлігіне түйісіп қалған.

Фото: Sputnik Kazakhstan

Фото: Sputnik Kazakhstan

Scang Yong жүргізушісі жолдың көрінбеуінен соғылып тұрған машиналарды байқамай қалғанын айтты.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты жолдың көрінбеуінен орын алған.

Оқиға салдарынан үш көліктің жүргізушілері мен фельдшер зардап шекті.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мән-жайды анықтауда.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар