Алматыда жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетті — Ел жаңалықтары
Алматыда 20 сантиметр қар түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Табиға ресурстар басқармасына сілтеме жасап.
Басқармадағылардың мәліметінше, Алматыда 12 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап қар жауған.
«Таңғы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша қардың қалыңдығы 10 сантиметр болды, ал таулы аймақтарда қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетті», — делінген хабарламада.
Көктайғақтың алдын алу үшін кешкі уақыттан бастап 155 құмшашыратқыш жұмылдырылды.
Сондай-ақ, басқармадағылардың мәліметінше, 2450 тонна тайғақсыздандыру материалы қолданылды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz