Алматыда жасөспірім туған анасын пышақтап өлтірген соң, қарда жалаңаяқ жүрген
Таңғы сағат бестер шамасында Алматы орталығында бозбала көзге түсті. Ол Алмалы ауданындағы көшелердің бірінде қар үстінде жалаңяқ жүрген. Куәгерлер әрекеттерінің көзге оғаш болғанын айтады.
Жасөспірімнің әрекеттерінен қорыққан алматылықтар полиция шақырған. Олар жасөспірімнің полиция учаскесінде анасын өлтіргенін айтқанын жеткізді. Полицейлер мұны тексеру үшін пәтеріне барған. Олар көргенінен қатты таңғалған.
«Кісі өлтірді деген күдікпен 2005 жылғы кәмелеттік жасқа толмаған К. Қамауға алынды. Жасөспірімнің жанжал кезінде анасын бірнеше жерінен пышақтағаны белгілі болды. Әйел адам көз жұмды. Тергеу шараларына психолог мамандар да тартылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірімнің психологиялық ауытқуы бар», — деді Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Оның не себепті бұлай жасағаны айтылмады.