Алматыда жасөспірім қыз биіктіктен құлап, өзіне қол жұмсады

0

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінен жасөспірімнің мәйіті табылды.

Мәліметке сүйенсек, кәмелет жасқа толмаған қыз Nest Grand тұрғын үй кешенінің аумағына шамамен 17 қарашада Шаляпин көшесінен келіп кірген. Одан кейін өзгелердің күдігін тудырмай, 6-блокқа өткен.

18 қарашада бойжеткен ғимараттың жоғарғы қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Анықталғаны, ол бұл тұрғын үй кешенінде тұрмаған.

Осы факті бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — делінген қалалық ПД хабарламасында.