Алматыда жас жігіт жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне оқ атты
Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі атылды, деп хабарлайды.
Шабуыл Алматы қаласының «103» қызметінің 7/31 бригадасы қызметкерлерінің медициналық көмек көрсету кезінде болған. 11 желтоқсан күні науқас жедел жәрдем қызметін шақырады. Фельдшер науқасты үйде қарап жатқан уақытта көлік жүргізушісі көлікте отырады. Оған жас жігіт жақындап, көлікті тұрақтан алуын сұрайды. Жүргізуші фельдшер мен науқасты күтіп отырғандықтан ол жерден шығып кете алмайды.
Жас жігіт үйіне кіріп, газды пистолетін алып шыққан. Жүргізушінің бетіне оқ атқан. Жедел жәрдем жүргізушісінің беті күйіп, түрлі жарақат алды.
Оған оқиға орнына келген фельдшер алғашқы көмек көрсетті. Екі жедел жәрдем көлігі шақырылып жүргізушіні ауруханаға жеткізді. Зардап шегушінің беті мен мойны І-ІІ дәрежелі күйік шалды.
Алматы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, газды пистолетпен жүргізушінің бетіне оқ атқан жігіт ұсталды.
Источник: Stan.kz