Алматыда жарық сөнді

0

15 шілде түскі сағат екіден кейін Алматыда жарық сөнді. Tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, Бостандық ауданының біраз бөлігінде, «Орбита», «Самал», «Айнабұлақ» шағын аудандарында, Көк базар маңында, Әл-Фараби, Назарбаев көшесінде жарық жоқ.

Жарықтың сөну себебі әзірге белгісіз. Қала әкімдігі бұл жағдайға байланысты әөірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Жаңалық толықтырылады

Azattyq