Алматыда жартылай жалаңаш киінген қыз жүріп бара жатқан көліктің төбесіне шықпақ болды (видео)
Алматыда көшеде кетіп бара жатқан көліктің терезесінен шығып, төбесіне мінбек болған жартылай жалаңаш қыздың видеосы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушылары белгісіз қыздың бір түрлі қылығын сынға алуда.
“Шоу жалғасады. Байтұрсынов пен Сәтпаев көшелерінің қиылысы. Алматы қаласы. Көрініске тақырып қойыңыздар” ,— деп жазылған видео астында.
Кадрда жаздық үлгіде жеңіл киінген қыз жүріп бара жатқан Subaru көлігінің терезесінен шығып, төбесіне мінбек болады. Шығып бара жатып бірер секундқа тоқтап, қайта көлікке кіріп кетеді.
«Байзакова ішіп алған ба? Адамда ақыл болмағаннан кейін, қиын екен ғой», «Ұятқа қалмаңыз, қарындас», «Ол жалаңаш па әлде маған солай көрініп тұр ма?», «Өзі сымбатты, мүсіні келіскен қыз секілді», — деген секілді жазбалар жетерлік.
Кейбір желіқолданушылар қыз мінген көліктің көше қиылысын бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрған кезінде кесіп өткенін айтуда.