Алматыда жаппай жол апатының салдарынан сегіз адам зардап шекті — Қазақстан жаңалықтары

0

27 мамырда Алматыдағы Рысқұлов даңғылы бойында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жол апаты

Куәгерлердің айтуынша, Мицубиси Паджеро автокөлігі Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатқан. Белгісіз себептермен жүргізуші рөлді басқара алмай, автокөлік жол жиектеріне шығып, металл қоршаудың бірнеше секцияларын бұзған, одан кейін көлік қарсы қозғалыс жолағына қарай кетіп қалған, сол кезде Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта қозғалып келе жатқан үш басқа авто — Мерседес, Хонда және Тойота автокөліктерімен соқтығысқан.

Күшті соққыдан Тойота автокөлігі бөлгішке кіріп, металл қоршауды қиратты.

Апат салдарынан сегіз адам жарақат алды: екі адамды оқиға орнында қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетті, алты адам түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, жаппай апатқа себеп болған Mitsubishi көлігінің жүргізушісі мас күйінде болған, полиция қызметкерлері жүргізушіні медициналық куәландыру үшін алып барады.

Апат орнында жол полициясының қызметкерлері ЖКО-ның барлық жағдайларын егжей-тегжейлі анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.
 

 

stan.kz