Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам өлді

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

151 0 0

Жол-көлік оқиғасында 40 жастағы Volkswagen Golf жүргізушісі көз жұмды

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Жантүршігерлік жол апаты Алматы қаласындағы Рысқұлов және Күдерин көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen Golf 3 автокөлігі Рысқұлов көшесінің бойымен шығысқа қарай жүрген. Сондай-ақ, осы бағытта жоғары жылдамдықпен BMW X5 көлігі жүріп бара жатқан.

BMW көлігі Volkswagen көлігіне қатты соғылып, кейінгісі жиектасқа қарай ұшып кетеді.

1978 жылғы Golf жүргізушісі оқиға болған жерде жедел жәрдем келгенше көз жұмды. BMW жүргізушісі жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін жаяу қашып кеткен. Қазір жол полициясы қызметкерлері, криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары көлігін тастап қашқан BMW X5 жүргізушісін іздестіріп жатыр.