Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды – фото

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Екі ересек адам мен екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол полициясының қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 30 қыркүйек — Sputnik. Жол апаты Алматыдағы үлкен Алматы каналы бойында Өтемісұлы көшесінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Audi 100 көлігі батыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Ол шығысқа қарай бет алған Nissan Almera көлігіне жол бермеген.


©
Sputnik / Стрингер.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті

Қатты жылдамдықпен келе жатқан Nissan Audi көлігінің бүйіріне соғылды. Соққының қатты болғаны соншалық Audi арықтан ұшып кеткен. Ал Nissan көлденеңнен көшенің қақ ортасына түсті..

Апат салдарынан төрт адам: Nissan Almera көлігіндегі әйел мен екі баласы және Audi-дің жүргізушісі зардап шекті. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


©
Sputnik / Стрингер.

Nissan Almera көлігіндегі әйел мен екі баласы және Audi-дің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталады.



sputniknews.kz