Алматыда жаңа туған сәби мен анасы көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

16 мамырда босанған әйел мен оның жаңа туған баласы қайтыс болды. Алайда қайғылы оқиғаның егжей-тегжейлері бүгін ғана белгілі болды.

Алматыдағы қайғылы оқиға туралы Астана телеарнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арнаның хабарлауынша, өткен айдың ортасында жас ана мен оның жаңа туған баласы қайтыс болған перзентхананың дәрігерлері оқиғаны жасырған. Медициналық мекеме тексеріс жүргізеді. Жақындарына сараптама мен тергеу жүргізіп жатқандықтарын айтқан.

Жүкті әйел гинекология және перинатология ғылыми орталығына өткен айдың 10-ы күні жеткізілді, екі күннен кейін ол толғата бастады.. Нәтижесінде ұл бала өмірге келді, оның салмағы бес келі болды. Алайда көп ұзамай жас әйелден қан кете бастады. Оған ота жасалды, бірақ дәрігерлер құтқара алмады.

Орталықта айтылғандай, мұндай амниотикалық сұйықтықпен болған эмболия жағдайларының 90% -ы өліммен аяқталады. Қайтыс болған алматылық әйелдің баласы да шетінеп кетті. Оның өліміне не себеп болғанын орталықитағылар айта алмады.

Қазір мекеме тексеруді күтуде. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті арна тілшілеріне тәуелсіз сарапшылардан тұратын комиссия құрылғандығы туралы хабарлады. Ол тек осы перзентхананы ғана емес, сонымен бірге Алматыдағы қалған медициналық нысандарын тексереді. Әр аурухананы тексеру бір жарым аптаға созылатындығы айтылды. Телеарнаның хабарлауынша, Қазақстанда 4 айда 4000 сәби мен босанған 26 әйел қайтыс болған.

stan.kz