Алматыда заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық өнімдер тәркіленді

0

2018 жылғы 28 желтоқсан 21:14 160

Алматыда заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық өнімдер тәркіленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматы қалалық ТЖД екі мыңнан астам пиротехникалық өнімді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

20 желтоқсаннан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алматы полиция департаменті, «Нұр Отан» партиясы, прокуратура, аудандық әкімдіктердің қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында сапасыз пиротехникалық өнімдерді анықтау және оның айналымын реттеу мақсатымен отшашу сатылатын орындарға 41 рейд жасады. Бүгінде полиция департаментінің қызметкрелері контрафактілік пиротехниканың шамамен 2360 келісін алды.

Алматыда заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық өнімдер тәркіленді
Алматы қалалық ТЖД отшашуларды тұрғын ғимараттар мен ағаштардан 20 метр қашықтықта қолдану керек екенін, балаларға ересектердің бақылауынсыз пиротехниканы қолдануға тыйым салынғанын, ракеталар мен отшашуларды адамдарға қарай бағыттауға, пиротехниканы қатты жел тұрғанда қолдануға болмайтынын еске салады. 
Алматыда заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық өнімдер тәркіленді

Альберт Ахметов

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz