Алматыда заңсыз митинг өткізбек болған 4 адам тұтқындалды
Алматы полициясы Ұылмыстық кодекстің 405-бабына (Экстремистік ұйымдардың әрекетіне қатысу) сәйкес бірнеше адамға қатысты тергеу амалдарын жүргізді. Осылайша, қалада заңсыз митинг ұйымдастырмақ болған 4 адам тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚДТ экстремистік ұйымының ұйымдастырушылары Демеуова, Шевчук, Джаукерова, Әшіралиева және басқа да қатысушыларға қатысты тергеу амалдары жүргізілді.
Полицейлер аталған тұлғалардың Алматыда экстемистік ұйымның заңсыз митингін өткізбек болғанын анықтады. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар рөлдерді бөліп алған.
Бұл ақпаарт тінту кезінде расталды. Аталған тұлғалардың үйлерінен экстремистік сипаттағы жазулары бар плакаттар мен қағаздар, түтіндету құтылары, дауыс зорайтқыш құрал, аэрозольді бояуы бар баллондар, компьютерлер, байланыс құралдары мен басқа да заттар табылды.
Сонымен қатар полицейлер қомақты көлемдегі қаржыны тәркіледі. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл қаржымен заңсыз акцияларды қаржыландырмақ болған.
Сондай-ақ полиция жоғарыда аталған тұлғалардың экстремистік ойларды насихаттағанын анықтады. Мұндай деректер техникалық құралдардан табылды.
Күдіктілердің кейбірі жауап барысында кінәсін мойындады.
Полициядағылар бұған дейін Демеуова, Шевчук, Джаукерова, Әшіралиевамен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Оларға экстремистік қозғалысқа қатысудың салдары неге апаратынын түсіндірген.
Десе де олар заңға қайшы әрекеттерін жалғастырған. Сондықтан бұған дейін күдіктілерге үй қамағы түрінде тағайындалған бұлтартпау шарасы қамауға өзгертілді. Ал басқа да қатысушыларға әкімшілік жаза тағайындалды.
stan.kz