Алматыда «Яндекс.Такси» жүргізушілері ереуілге шықты

0

Алматыда танымал «Яндекс.Такси» сервисінің серіктес такси жүргізушілері өз талаптарын алға тартып, ереуілге шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жүргізушілердің шағын тобы қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріне жиналды. Олар видео хабарлама түсіріп, әлеуметтік желілерде таратты. Жүргізушілердің айтуынша, қызмет соңғы уақытта еңбек жағдайын қиындатып отыр. Осыған байланысты олар агрегатор әкімшілігіне өз талаптарын қойып, наразылықтарын білдірді.

«Біз Яндекс.Таксидің жүргізушілер есебінен жарнамалық жеңілдіктерді алып тастайтындығына қарсымыз. Тарифтердің пайыздық мөлшерлемесінің 12-ден 15 пайызға дейін көтерілгеніне біз де наразыбыз. Біз бұған қарсымыз. Әрі қарай, біз тарифтерді көтеруді сұраймыз минималды базалық тариф, ставка, бензин. Біз сондай-ақ жүргізушілер рейтингісінің айдың соңында күтпеген жерден орын алған негізсіз төмендеуіне наразымыз», — деп жүргізушілер наразылықтарын білдірді.

Бұған наразылық ретінде олар таңертеңгі қарбалас уақытта, атап айтқанда сағат 7.00-ден 10.00-ге дейін Интернетке шықпауға және тапсырыс қабылдамауға шешім қабылдады.

«Яндекс.Такси» агрегаторының баспасөз қызметінде хабарланғандай, жүргізушілердің ешқайсысы ешқандай талап қойған жоқ.

«Біз олардың кім екенін және олардың қызметке қосылған-қосылмағанын да білмейміз. Қызметтің өзі әдеттегідей жұмыс істейді. Жолдағы жүргізушілер саны әдеттегі деңгейде. Біз серіктес парктермен байланыстамыз», — деді компания.

Сондай-ақ, қызметтің басқа жүргізушісі өз пікірін білдірді, ол әріптестерінің пікірімен келіспейді.