Алматыда WINTER FAMILY PARTY: жаңажылдық көңіл-күйден қуат ал!

0

Осы қыстың ең қызық қалалық мерекесіне келіңіздер, достарыңыз бен туыстарыңызды әкеліңіздер!

Сіздерді:

– Мұзайдында тегін сырғанау;

– Жаңа жыл қарсаңындағы жәрмеңке;

– Үлкен Сырғанақ;

– Қысқы кемпинг;

– Лабиринт;

– Байқаулар;

– Эстафеталар;

– Балаларға арналған мастер-кластар;

– Квестер, сыйлықтар мен жүлделер;

– Қазақстан артистерінің фестивальдің бас сахнасында өнер көрсетуі күтеді!

Мұзайдында сырғанау бағдарламасында зумба-флэшмобтар, эстафеталар мен аниматорлар ұйымдастыратын байқаулар, мәнерлеп сырғанаушылардың көрнекі өнер көрсетуі болады.

Жасанды тайғақ жабыны бар арнайы сырғанақ төбе отбасылар үшін нағыз сыйлық болмақ.

ATAKENT ҚІЫО парк аймағы аумағындағы ертегі кейіпкерлері бар лабиринт сіздерді балалардың қиял әлеміне енгізіп, жарқын әсер қалдырады.

Арнайы жабдықталған кемпингтің тәжірибелі нұсқаушылары қыста табиғат аясында демалуға қажетті дағдыларды үйретеді.

Мереке атмосферасын меймандар үшін арнайы перформанстар ұсынатын қазақстандық театр артистері әр бере түседі.

WINTER FAMILY PARTY қысқы отбасылық фестивалінің бас сахнасында қазақстандық танымал орындаушылар өнер көрсетеді!

Аумақта жаңажылдық жәрмеңке мен тіл үйірер дәммен ауқаттануға болатын фудкорттар ұйымдастырылады.

Сіздерді мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас эмоциялар күтіп тұр!

Кіру тегін!

Алматы әкімдігі барлығын қонаққа шақырып отыр!

Бас серіктес – SiberianWellness.

Серіктес – “ATAKENT ҚІЫО” АҚ.

Ақпараттық серіктестер: Informburo.kz аналитикалық порталы мен Baribar.kz ақпараттық-танымдық сайты.

Толық мәлімет http://winterfamilyparty.kz сайтында.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz