Алматыда Wiki Camp акциясы өтті

0

Жақында осы арнаулы мектептер аясында Wiki Camp акциясы өткен еді. Бұл шараға  Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жүзге жуық оқушысы да қатысты. Дәстүрлі акция биылғы  Жастар жылына орай «Жастар – еліміздің мақтанышы» деген ұранмен ұйымдастырылды.

«Уикипедия» клубы Талдықор­ған­дағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінде де 2013 жылы құрылды. Осы уақыт ішінде оқушылар қазақ, ағыл­шын, орыс тілдерінде мақала жазып, оны онлайн-энциклопедияға өз бетінше жолдап, толықтыруды меңгерген екен. Бүгінге дейін «Уикипедия» клубының мүшелері Жетісу өңірін­дегі тарихи-мәдени мұра туралы, ғылы­ми жаңалық­тар мен  еліміздің қазір­гі заманғы жетіс­тіктері туралы 3 мыңға жуық мақала жазып, сайт­қа орналас­тырыпты. 

Айтпақшы, осы мектептегі «Уи­ки­­пе­­дия» клубының алғашқы пре­зи­­­денті болған оқушы, бүгінде сту­­д­ент атанған Құдайберген Дәулет­ке­рей Гонконгта және Лондон­да өт­­­кен «Wikimania-2013», «Wiki­mania-2014» халықаралық конфе­рен­­ция­­­­­лары­на қатысып, қазақ бала­лары­ның жазба жұмысын әлем назарына таныстырды.

– «Уикипедия» клубы мектеп оқу­шыларын мақала жазуға және редак­циялауға дағдыландырады, дейді Талды­қорған­дағы Назарбаев зияткерлік мектебі жанындағы «Уикипедия» клубының үйлестіру­шісі Нәзира Сұлтанова.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/