Алматыда үш шетел азаматының жанармай бекетіне жасаған қарақшылық шабуылы видеоға түсіп қалды

0

Алматыда бетперде киген үш адам жанармай бекетінде қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Полицияға бетперде киген үш адам жанармай бекетінде қарулы қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы хабарлама келді. Жедел-іздестіру шаралары барысында бетперде киген үш ер адамның Алматы қаласының аудандарының бірінде орналасқан жанармай құю бекетінің ғимаратына кіріп, тапаншаны қолданамын деп қорқытып, 52 мың теңге көлемінде қаражатты иемденіп, кейін белгісіз бағытта жоғалып кеткені анықталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде осы қылмысты жасаған екі ер адам ұсталды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты, біреуі бұрын сотталған, олар Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіге қатысты оны іздеу және қамауға алу шаралары жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады, Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.