Алматыда үш күн сайын бір адам қаза болады

0
63

Алматының әл-Фараби, Саин және Шығыс айналма автомобиль жолында 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа дейін азаяды.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол-көлік апатының көптігіне басты себеп – жылдамдықтың жоғары болуы. «Халықаралық тәжірибеден орташа жылдамдықты азайтқан жүргізішіге де, жаяуға да қауіпсіз болғанын әрі қаншама өмірді құтқарып қалғанына көзіміз жетті. Мәселен Нью-йорк және Лондон қалалары. Алматыда жыл басынан бері 4203 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның басым бөлігі орташа жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан 80 шақырымға дейін жүретін жол бөліктерінде болған. Бұл күн сайын 12 апат болады деген сөз. Биылғы қаңтардан бастап болған жол апатының салдарынан Алматыда 121 адам қаза тапты. Яғни Алматы жолдарында әр үш күн сайын бір адам қаза болады. Мұндай статистика жолдарда қауіпсіздікті арттыру үшін түбегейлі шаралар қабылдауға мәжбүрлейді», – дейді Салтанат Әзірбек.

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын