Алматыда үш баланың денесі табылды – Сағынтаев көңіл айтты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

291 0 0

Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев Алатау ауданында жоғалып кеткен, үшеуі де қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Алматыда жоғалып үш оқушы өлі табылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың ата-аналарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала басшысы құтқарушылар Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіру жұмысын аяқтағанын мәлімдеді. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев көз жұмған.

«Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен төтенше жағдай қызметтеріне себептерді тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым», – деп жазды Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол қаза болған оқушылардың отбасыларына көмек көрсетілетінін атап өтті.

Тергеу барысы әкімнің жеке бақылауына алынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз